KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Марқакөлдің өрт сөндіру қызметіне бір ғасыр

26.04.2018, 07:05 297

Күршім ауданында Марқакөл ауылында №39 өрт сөндіру бөлімі ұжымының ұйымдастыруымен «Өрт сөндіру қызметінің құрылғанына  100 жыл» толуына орай кіші  футболдан дүбірлі дода өтті.


«Марқакөл» стадионында 13 команда қатысып,  №39 өрт сөндіру бөлімі, Марқкөл ауылдық ауруханасы, Марқа жастары, 2535 әскери бөлім, «Боран-1», «Боран-2», «Горка», Төсқайың ауылы, Ақжайлау ауылы, «Күршім колледжі»,  «Қарой-1»,  «Қарой-2», «Қарой-3» командалары бақ сынады.


Марқакөлден Абзалбек Мұхаметжанов хабарлағандай, №39 өрт сөндіру бөлімінен зейнет демалысына шыққан Атаманов Нұрланның демеушілігімен кезінде осы өрт сөндіру бөлімінде қызмет етіп өмірден ерте озған ағайынды Данияр, Мұрат Баяндиновтарға, Шакиров Ерболат, Жылқыбаев Серік, Жапабаев Тілеужанның рухтарына арнап кәсіпкер Иқамбаев Саяттың «Мирас» дәмханасында ас берілді. Өрт сөндіру бөлімінің ардагерлерінің қатысуымен құран-қатым түсірілді.


№39 өрт сөндіру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау капитаны Нүрпейісов Дамир бастаған команда ақтық бәсекеде «Қарой-3» командасының қақпасына жауапсыз екі гол соғып, айқын басымдықпен жеңіс тұғырына көтерілді. 2-орынды еншілеген «Қарой-3» командасына бір доп айырмашылығымен есе жіберген Марқа жастары командасы жүлделі 3-орынды місе тұтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив