KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Үлбі өзені мырышқа тұнып тұр

25.04.2018, 10:43 215

Үлбі Шығыс Қазақстан облысындағы ең лас өзендердің  көшін бастап тұр.  Өткен айда осы  өзендегі мырыштың концентрациясы қалыпты шамадан 140 есе жоғары болған. Облыстың өзге де су қоймаларында аталмыш металдың  мөлшері артқандығы байқалады.


Казгидромедтың су сапасына жасаған сараптамасының  қорытындысы бойынша,  өңірде  өткен айдағы ең лас өзен  Үлбі деп танылып отыр. Наурызда  аталмыш өзеннің Риддер қаласы аймағында бір рет өте жоғары ластану және екі мәрте жоғары ластану оқиғасы тіркелген. Бұл жөніндегі ақпарат ҚР энергетика министрлігінің сайтында жарияланды. Наурыздың бірінші жұлдызында алынған сынама нәтижесінде Үлбі өзеніндегі мырыштың көлемі қалыпты деңгейден 140,5 есе жоғары екендігі анықталса, сол күні алынған сынамада марганецтің 51,5 есе көп екендігі анықталды. Сондай-ақ, марганец пен мырыштың шамадан тыс мөлшері Брекс, Глубочанка және Красноряка су қоймаларында да тіркеліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив