KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Latyn – құнды мұра» ретро-көрмесі Бородулиха ауданын аралап қайтты

19.04.2018, 06:24 152

Семейдегі  Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхананың мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кезекті іс-шарасын Бородулиха ауданында жалғады. Бұған дейін олар Зайсан, Жезкент өңірлерінде де болып,  осы бағытта жұмыс жасап қайтқан еді.


Бородулиха ауданының орталығында кітапханашылар  өңірдің әкімшілік қызметкерлерімен, жергілікті кітапхана оқырмандарымен, ауданның зиялы қауымымен кездесті. Шараға жиналған қонақтардың назарына кітапхананың алтын қорынан жасақталған «Рухани жаңғыру: Latyn-құнды мұра» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды.



-Көрмеде 1929-1940 жылдары латын қарпімен қазақ тілінде жарық көрген басылымдар мен кітаптары жұртшылық назарына ұсындық,-деді аталмыш кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Амренова,- кітап авторларымен, латынша басылған кітаптар тарихымен және мазмұнымен таныстырдық.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының semeylib.kz сайтына орналастырылған түрлі ақпараттар туралы айтылып, сұрақ қойған тұрғындарға кеңестер берілді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив