KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Бородулиха ауданында өнер байқауы өтті

12.04.2018, 06:29 241

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүрегің әнмен ашылсын» атты дәстүрлі өнер байқауы өтті. Байқауға Бородулиха ауылдық округінің «Кербез», Жезкент кенттік округінің «Жалын», Новопокровка ауылдық округінің «Достық», Новошульба ауылдық округінің «Жаңа Шүлбі арулары», Дмитриевка ауылдық округінің «Нұр Астана» командалары қатысып, өнерлерін ортаға салды.


Байқау қатысушылары қазақ халық әндерін, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана», «Қазақ елі» тақырыптарындағы әндерді нақышына келтіре орындап, әзілдерімен көрерменнің көңілінен шыға білді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі бірінші орынды Жезкент кенттік округінің «Жалын» командасы, екінші орынды Новопокровка ауылдық округінің «Достық» командасы, үшінші орынды Дмитриевка ауылдық округінің «Нұр Астана» командасы еншіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив