KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде имамдар тегін ыстық тамақ таратты

27.03.2018, 07:04 239

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен «Шығыстың асары» атты акция өтті. Акция аясында Согра кентіндегі қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға тегін ыстық тамақ таратылды. Бұдан бөлек, облыстық мешіттің имамдары су басқан аумақтардың тұрғындарына азық-түлік пен қажетті киім-кешектерді жіберген. Облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатайдың айтуынша, акция аясында 120 адамға тегін ыстық тамақ берілді.


–Алдағы уақытта бұл акция жалғасын табатын болады. Біз күніне бір рет тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тегін ыстық тамақ бермекпіз, -дейді Ермек қажы Мұқатай.

[su_slider source="media: 26782,26781,26780,26779"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив