KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Глубокое ауданы: Тасқын тоқтағанмен, қауіп сейілген жоқ

25.03.2018, 13:29 183


Прогресс ауылы

Су басқан үйлердің саны әзірге 50-ге жетті. Таң сәріден облыс әкімі Даниал Ахметов су жайылған елді мекендерді аралады. Апат салдарынан 222 адам үйлерін тастап шыққан екен. Үйлердің көбінде су іргетастан асып, ішке енген. Кейбір үйлердің ауласына аяқ басудың өзі қауіпті. Эвакуацияланған тұрғындардың көбі Өскемен мен Глубокое кентіндегі туыстарына орналасыпты. Ал ауыл мектебін 9 зейнеткермен Даниал Ахметовтің өзі сөйлесті.


-Бір бөлмеге 10 төсек қойғансыздар. Бұл ешқандай санитарлық талапқа сыймайды. Көрпе-жастық, киім-кешектің бәрі таза болуы керек. Екі сағаттың ішінде уақытша тұрғындардың жағдайын жақсартыңыздар, - деді ол.

Даниал Ахметов Белоусовка кентіндегі бөгет басына барып, оның жағдайымен танысты.


-Бөгеттен аққан суды реттеу мүмкін емес. Қажетті межеге жеткен соң артық су өздігінен ағып отырады. Сыртқа шыққан судың Глубочанка өзеніне қосылатыны рас. Өзеннің арнасынан асуына осы жағдай да себепші болған, - дейді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.

[su_slider source="media: 26643,26644,26645,26646,26647,26648,26649,26650,26651"]


Белоусовка кенті

Мұнда 52 үйге су кірген. Су басқан үйлердің кейбірі бұрыннан иен тұрған көрінеді. Эвакуцияланған 42 адамның 23-і аграрлық колледждің ғимаратын паналапты.


-Алғаш су 11 наурызда кірді. Қора мен асхананы, үйдің екі бөлмесін қызыласықтан келетін су алып қалды. Көмек келмеген соң ертеңінде әкімдікке бардым. Олар су сорғы әкелгенімен, мұз боп қатқан суды сорғыта алмады. Осылайша үйіміз бір апта бойы қарғын судың құрсауында тұрды, - дейді Әсем Ахметжанова. Даниал Ахметов үйіне кіре алмай қалған тұрғындарды ең қажет деген заттармен қамту үшін ертең 10 млн теңге бөлетінін айтты.

[su_slider source="media: 26609,26610,26611,26612,26613,26614,26615,26616,26617,26618,26619,26620,26621,26622,26623,26624,26625,26626,26627,26628"]


Глубокое кенті

Мұнда су алған үйлердің саны 30-дан асқан. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша түнделетіп жеткен ауыр техникалар тасқынның қарқынын әлсіретіпті. Өзен арнасына қайта бастаған. Бірақ жағадағы үйлердің көбіне қайықсыз жету қиын.


[su_slider source="media: 26629,26630,26631,26632,26633"]


Предгорное ауылы

Мұнда 35 үйді су басқан екен. Қарғын судың жолына екі қатар етіп инеттрі материал үйілген. Су құрсауындағы үйлерді аралаған аймақ басшысы тұрғындарға барлық шығын өтелетінін жеткізді.



-Бұл ауданда су басқан үйлердің саны 167-ге жетті. Шығын әлі есептелуде. Әсіресе Белоусовка және Глубокое кенттері, Прогресс және Предгорное ауылдары қатты зардап шеккен. Бұл жағдай жылда қайталанбас үшін кейбір жерде өзен арнасын кеңейтіп, кейбір тұстағы үйлерді мүлде қауіпсіз орынға көшіреміз. Ертең сағат 11:00-ге дейін алғашқы көмеккке қажет қаржыны тиісті шотқа аударамыз, - деді Даниал Ахметов


[su_slider source="media: 26634,26635,26636,26637,26638,26639,26640,26641,26642"]


 



Бейнежазба ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив