KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Глубокое ауданында эвакуацияланған тұрғындар саны екі күнде 406 адамға жетті

24.03.2018, 18:48 199

Апаттық-құтқару операция барысында Глубокое ауданында 406 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың ішінде 135-і  балалар. Құтқарылғандардың бір бөлігі эвакуациялық пункттерге: Глубокое кентіндегі жатақханаға, Белоусовка кентінің ауруханасына, Аграрлық колледжге, Предгорное ауылының №2 орта мектебіне, Прогресс ауылының №6 орта мектебіне, қалған бөлігі туыстарының үйлеріне орналастырылды.


Эвакуациялық пункттерде адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Оларға психологтың көмегі көрсетіледі.


Ауданда жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай сақталуда. Таулы Үлбіде тәулік бойы күзет қойылды. Үлбі өзеніне мониторинг жасалып отыр. Жақын маңдағы елді мекендерді әзірше су басу қауіпі жоқ.


 


Су басу қауіпі төнген жағдайда 112 немесе 138, , 8/7232/ 26-88-26, 26-88-27 телефондары бойынша хабар беруге болады. Өскемен қаласы бойынша ТЖ жедел штабының 26-35-23, 26-35-44.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив