KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Еңбекке жарамсыздық парағы келесі жылы электронды түрде беріледі

7.03.2018, 03:02 154

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жақын уақытта электронды нұсқаға көшірілмек. Бұл туралы жуықта денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлемдеген еді. Біздің аймақта жаңашылдықты енгізуге белсенді түрде дайындалып жатыр.


Еңбекке жарамсыздық парағы «электронды үкіметтің» порталы арқылы берілмек. Бұл медициналық қызметкерлерді ғана емес, науқастарды да қағазбастылықтан босатады деп күтілуде. Сонымен қатар, электронды түрде берілетін нұсқаға туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық мекемелерде есепте тұру туралы анықтамалар да ауыстырылады. Бұларға қоса, әр науқастың Электронды денсаулық паспорты  (ЭДП) енгізілмек. Ол осы жылдың екінші жартыжылдығында пилоттық аймақтарда жүзеге асырыла бастайды. Ал 2019 жылы барлық облыстарда толық енгізіледі.


-Еңбекке жарамсыздық парағын электронды үкімет порталы арқылы алу үшін облыстағы медициналық мекемелерді толық медициналық ақпараттық жүйеге (МАЖ) көшіру және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктіру қажет, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы. – Ол үшін біздің облыста МАЖ енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелермен қамтылуы  21 %-ды құрайды.

Басқарманың берген ақпаратына сүйенсек, медициналық ақпараттық жүйелерді  кезең-кезеңмен енгізудің жоспарымен қатар,енгуздің мерзімі көрсетілген жол картасы да құрылып қойған. Жол картасына сәйкес  2018 жылдың наурыз айында 31%, сәуір айында – 30 мемлекеттік медициналық мекемені қамту көзделген. Бұл 100%-ды құрайды. Ал жекеменшік медициналық мекемелер ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында толық қамтылмақ. Олардың облыс бойынша саны – 61. Қысқасы, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына қарай облыста медициналық ақпараттық жүйемен қамтылу толық аяқталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив