KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Күршім ауданында медицина мамандары жеткілікті

5.03.2018, 17:36 232

Күршім ауданының денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемелер мамандармен толықтай қамтылды деуге болады. Әзірге көрсеткіш 99 пайызды құрап тұр. Бұл туралы аудан әкімі Сейсенғазы Чукаев мәлімдеді. Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы республикалық бюджет есебінен 14 маманның баспанасына несие бөлініпті,соның  қатарында 7 дәрігер бар. Барлық бөлінген қаражат - 42 миллион теңге.


-Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы жоқ деуге болады,қазір тек бір ғана акушер-гинеколог маман жетпей тұр, алайда бұл сұрақ  таяуда шешіледі. Өткен жылы ауданымызға әкім грантымен білім алып келген хирург келді, біз оны баспанамен қамтып, Марқакөл ауылдық округіне жібердік.Қазір сонда жұмыс істеп жатыр,-деді аудан әкімі.

Қазір ауданнан шыққан 12 студент медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алуда.  Олар оқуларын аяқтаған соң туған жерлерінің медицинасын  көтеруге ат салысады деген болжам бар.  Ауданда  екі аурухана, 9 дәрігерлік амублатория, екі фельдшерлік   акушерлік пункт, 34 медициналық пункт жұмыс жасап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив