KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейлік жастар ардагерлердің батасын алды

2.03.2018, 05:47 172

Семей қаласының жастар ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен 1 Наурыз  «Алғыс айту күні» мерекесіне орай «Сізге алғысымыз шексіз» жалпы қалалық акциясы өтті. Акцияға Семей қаласының жастар мәслихатының депутаттары мен  М.О.Əуезов атындағы Семей педагоикалық колледжінің студенттері қатысып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.   Шара барысында қоғамдық көліктердегі қала тұрғындарына арнайы мерекелік таратпа қағаздар үлестіріліп,қала жастарының атынан алғыс білдірілді.



-Осы қасиетті ерекше күнде біз «Ардагерлерімізге алғыс!» шарасын да ұйымдастырдық,-деді  қаладағы Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай,-Отан үшін от кешіп, қан майдандағы қарулы қақтығыстарды көрген бүгінгі бейбіт күннің батырларын жастарға үлгі ретінде таныстырудамыз. Акция аясында Л. Соколова,  Н.Поуголков,  Н. Страмилова сияқты бірқатар  ардагерлерімізге Жастар ресурстық орталығының атынан шағын базарлық, сый-сыяпат  ұсынылды.  Ардагерлеріміз де өз кезегінде ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жастарға батасын берді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив