KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Газ баллонының жарылысынан үй иелері зардап шекті

20.02.2018, 03:26 230

Ұлан ауданы Герасимовка ауылында 5 литрлі газ баллоны жарылып,  екі адам  күйіп қалды.


Бақытсыз жағдайға көршілері куә болыпты.  Айтыстарына қарағанда, түс мезгілінде қатты  сарт еткен дыбыс шығады.  Жарылыстың  салдарынан 100 шаршы метрлік тұрғын үй  картадан тұрғызған үй сияқты қирап  қалған. Үйдің тұрғындары 1960 жылы туған ер мен әйел адам  күйік алған. Оларды жедел жәрдем дереу  ауруханаға жеткізді.


Оқиға орнынан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отряды құтқарушылары  жедел келіп жетті. Әдейі үйретілген ит қираған үйдің ішінен адам таппаған.


Қазір мамандар жарылыстың қалай шыққанын анықтауда. Көршілердің сөзінен зардап шеккендердің электр пешін пайдаланғандары белгілі. Газ баллоны сыртта тұрған, таяуда оны ішке енгізген екен.



Газ баллонын сақтаудағы басты қауіпсіздік – оған сыртқы температураның әсер етуіне сақ болу. Егер баллонға газ қыста құйылса,  біраз уақыт суықта тұрып, ішке енгізілген кезде, ол атылып кетеді. Ыдыстағы газдың көлемі  мөлшерден артып кетсе, ол міндетті түрде жарылады.


Құтқарушылар тұрғындарға  газ баллонын пайдаланған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив