KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да мобильді қосымшада туристік аудиогид жасалады

19.02.2018, 06:04 129

ШҚО киелі жерлерін цифровизациялау шеңберінде ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мобильді қосымшада туристік аудиогид жасауды жоспарлап отыр. Аудиогидқа кіретін нысандарға кез-келген адам өз дауысын бере алады.


Мұндай аудиогидтің қандай пайдасы бар? Ол туристерге біздің аймақтың бай тарихы мен көрікті туристік нысандары жайлы қолжетімді ақпарат алуға мүмкіндік береді екен.


Аталмыш аудиогид тегін және 4 тілде болмақ: қазақ, орыс, ағылшын және қытай. Барлық жазбалар Play Market, App Store және  toureast.kz сайтының платформаларында қолжетімді түрде орналастырылады.


Қазір toureast.kz сайттында аудиогидқа кіретін нысандар бойынша дауыс беру басталды. Өңірдің әрбір тұрғыны, оның ойынша, ең көп адам баратын нысанға дауыс беріп, өзінің пікірін қалдыра алады. Ұялы қосымша нысандарға дауыс берілгеннен кейін бірақ іске қосылады.


Сонымен қатар, жоба аясында «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты электрондық кітабын жарыққа шығарды. Кітапты шығарудағы негізгі мақсат өңірдің киелі орындарын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты өз өлкесінің тарихын білуге баулу арқылы көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив