KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Қазақстандағы гендерлік саясат

12.02.2018, 06:05 141

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде гендерлік саясаттың мағынасы және негізгі ұғымын түсіндіру мақсатында Радиотехника және байланыс  колледжінің  студенттерімен «Қазақстандағы гендерлік саясат» атты ақпарат сағаты өткізілді.


Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлжан Жұмабекова оқырмандарға «гендер», «гендерлік саясат», «гендерлік қатынас» ұғымдарын толыққанды ашып, Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы 6 желтоқсанда қабылданған  «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» Тұжырымдамасына тоқталды.


-Осы құжаттың  негізгі бағыты болып табылатын ерлер мен әйелдердің отбасындағы тең құқығы туралы жастарға түсіндіріп жатырмыз,-деді Гүлжан Жұмабекова,-қазіргі қоғамда гендерлік саясат, әйелдердің құқықтары мен өкілеттілігін кеңейту туралы әртүрлі пікірлердің орын алып жатқаны бар. Біз үшін маңыздығы ана мен бала құқығын қорғау туралы студенттерге түсіндіру.

Сондай-ақ, кітапханашы Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында  отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойғандығын және ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялағандығы жөнінен ақпарат берді.Соңында «Қазақстандағы гендерлік саясат» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив