KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қолданыстағы кодекске енген өзгерістер

6.02.2018, 06:16 155

Күршім аудандық сотының төрағасы Е. Шымыров Күршім аудандық ішкі істер бөлімінде «Әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы хаттамалары мен материалдарын толтыру сапасы, «Әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер» тақырыбында семинар өткізді.


Семинар сабағына  Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Р.Камзин және бөлімнің жеке құрамы қатысты.


Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, әкімшілік материалдардың толық қалыптастыруын және хаттамаларды толтыру сапасының талаптарын қатаң сақтауына назар аударды. Сондай-ақ, судья  мемлекеттік органдары атына шығарылған жеке қаулыларды және олардың шығару себептерін айтып өтті. Сонымен қатар, төраға  Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 28-желтоқсандағы №127-VI ҚРЗ мен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды.


Семинар сабағына қатысушылар электрондық құжат айналымын жетілдіру және әкімшілік істерді «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы жолдау сұрақтарын талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив