KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлерге қандай салықтық жеңілдіктер бар?

1.02.2018, 09:18 123

Биылдан бастап күшіне енген жаңа салық кодексінде  кодексте аграрлық сектор үшін де бірқатар ынталандыру шаралары ұсынылып отыр.


Шаруа-фермерлер - бірыңғай жер салығы деген арнаулы салық режимін қолданып келеді. Бұл  жеңілдетілген режим болғанымен, үлкен айналымы бар шаруалардың қосылған құн салығын төлеушілер қатарына қосылу және жеңілдетілген режимнен айырылып қалу қаупі бар болатын. Енді норма түзетілді. Бірыңғай жер салығын төлеушілер айналым көлеміне қарамастан қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды. Еңбекақы төлеу қорына жүктемені төмендету үшін шаруа-фермер қожалығының басшысына, мүшелеріне және жұмыскерлеріне салынатын  әлеуметтік салық алынып тасталды.


Шаруалар басқа да қызмет түрлерін  (жұмысқа жарамайтын ескі техникаларды  сату немесе металл сынықтары ретінде тапсыру, қар тазалау бойынша қызмет көрсету және т.б.) бөлек есеп жүргізу  жолымен жүзеге асыратын болады. Осы уақытқа дейін шаруа-фермер қожалықтары үшін қарастырылмаған қызметтерді жүзеге асыру (жоғарыдағыдай) кезінде мәжбүрлі түрде жалпыға бірдей салық салу режиміне көшу қажет болатын. 2020 жылдан бастап аталған режимде 0,5% (қазіргі кезде  бағалау құнына байланысты алынып отыр) мөлшеріндегі айналымнан алынатын салық белгіленеді.



Өнімдерді өткізуге дайындайтын, өңдейтін ауылшаруашылық кооперативтері ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған жеңілдетілген режимді қолдануға құқығы бар.


Арнаулы салық режимінде  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қарама-қайшы келетін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер алынып тасталды. Олар үшін қолдаудың баламалы шаралары көзделетін болады.


Үлестес тұлғаларға арнаулы салық режимін қолданудағы шектеулер алып тасталды. Жеке қосалқы шаруашылықтың 700 мың теңге шегіндегі кірістері табыс салығын салуға жатпайды. Сүт, ет  тапсыратындар  үшін  дайындаушыдан  табыс салығын ұстаудың қажеті жоқ.


Металл сынықтарын дайындаушы сынықтарды жинаған кезде, биылдан бастап одан 10 % мөлшердегі табыс салығын ұстамайды, одан тек 1,5 % мөлшерде табыс салығын ұстайды. Бұл металл сынықтарын заңды түрде тапсыруға ынталандырады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив