KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Енді тегін берілетін дәрі-дәрмектерге бас дәрігерлер жауапты

30.01.2018, 08:48 172

 


Жақында тегін дәрі-дәрмектерді берудің тың әдісі іске қосылады. Енді бұл санаттағы медициналық перпараттар Отбасылық дәрігерлік амбулаторияға қарасты дәріханалардан беріледі.  Бұл ақпартты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.


-Өтінімдер жинау және тендерді өткізу шараларымен 2018-ші жылы «СК-Фармация» ЖШС айналысады. Дәрі-дәрмектер бастапқы медицина-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда, тіркелген тұрғылықты мекен-жайы бойынша беріледі.Қазір  ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.

Егер бұрындары тегін берілетін дәрі-дәрмектерге байланысты  шағымдар тек денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек бөліміне ғана жолданса, енді ол шағымдардың да барар жері өзгерді.  «СК-Фармация» кеңсесінің өкілдер де айтқандай,  енді емделуші  тегін дәрі-дәрмекке орай кез-келген шағымды өзі тіркелген амбулаторияның бас дәрігеріне жолдай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив