KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Дипломдағы жылдарым еңбек өтіліне кіре ме?

11.12.2017, 10:17 230


-"Дидар" газетінің 16 қарашадағы санында жарияланған "Зейнетақы мөлшері қалай есептеледі?" деген мақаланы оқып, 1998 жылға дейінгі жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында оқыған жылдардың еңбек өтіліне есептелуі жайлы ештеңе таба алмадым. Мен оқу бітіріп келіп, бірден жұмысқа шықтым. Еңбек кітапшамдағы жазу бойынша есептегенде менде 19 жыл 6 ай болып тұр. Дипломдағы жылдарым еңбек өтіліне кіре ме?

Бақтыгүл Қожағұмарова.

Катонқарағай ауданы.


Оқырманның сұрағына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы Жанна Самұратова жауап береді:



-Қазақстан Республикасының 2013 жылы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» №105-V Заңына сәйкес еңбек өтілі еңбек кітапшасындағы жазулармен дәлелденеді. Еңбек кітапшасы немесе онда жазу болмаған жағдайда жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттармен, не болмаса сотқа жүгіну арқылы дәлелденеді. Осы Заңның 13-бабына сәйкес, жасына қарай зейнетақылық төлемдерді тағайындау үшін еңбек өтілін есептеген кезде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ дайындық курстарында, арнайы орта оқу орындарында, училищелерде, кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлау мектептері мен курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тысқары жерлерде орналасқан білім берудің рухани (діни) ұйымдарында оқыған жылдары еңбек өтілі ретінде есепке алынады.

Оқыған жылдарды растау үшін білім туралы құжаттар (аттестат, диплом) ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив