KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 жастағы жігіт көз жұмды

11.12.2017, 07:03 145

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспановтың мәлімдеуінше, 30-шы қарашада, Семей мемлекеттік медициналық университеті госпитальінің жансақтау бөліміне  бас миынан көптеген жарақат алған 17 жастағы колледж студенті жеткізілген.


-Зардап шегуші госпитальге 30-шы қарашада түсті. Оны Өскемен көшесімен Көктем көшелерінің қиылысында,сағат 12:40-та  «Рено Дастер» автокөлігі қағып кеткен,-деді  Елубек Оспанов.

Ауыр бас ми жарақатын алып, есінен танған қалпы ауруханаға  жеткізілген жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер 9 күн жанталасты.  Алайда ажалдан арашалай алмады. Қарашаның 9-нан 10-на қараған  түні жас жігіт жан тәсілім етті.


Ал «Рено Дастер» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты  ҚР ҚК 345 бабы 1б.бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив