KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Көмірді тегін берді

29.11.2017, 08:55 163

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» тармағында айтылған міндеттерге сай, Абай ауылдық округіне қарасты Қойтас, Теректібұлақ, Бурабай елді мекендеріндегі 17 отбасыға көмек көрсетілді.

ГРК «Визол» ЖШС-нің ұжымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға 50 тонна көмірді тегін берді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген нақыл сөзді берік ұстанған қайырымды жандар ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.

– Мұқтаж жандардың қажетін өтеу – басты парызымыз. Сондықтан бір-бірімізге көмектесіп, қайырымдылық шараларына бір кісідей атсалысып жүрейік, - дейді ГРК «Визол» ЖШС-нің ұжымы.


Күршім ауданы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив