KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Өскемендегі «Колос» аялдамасы маңында абай болыңыз

15.11.2017, 09:35 122

Енді Әуезов даңғылын жаяу кесіп өтпек болсаңыз, «Колос» аялдамасы маңында абай болыңыз. Жолақ жабылып қалды. Бұған себеп – өткелдің жол қозғалысына кедергі келтіруінде.


Жаяу жүргіншілер жолағы автобус аялдамасына тым жақын орналасқандықтан, бұл жер - жол қозғалысына қауіпті аумақ ретінде қаралыпты. Жұмысшылар жол белгісін алып тастап, өткелді темір қашалармен те бекітіп тастады.


-Жүргіншілер өткелі қате орналасқан. Тәртіпке сәйкес, жолақ аялдаманың алдында емес артында тұруы керек. Біз жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ол жердегі жаяу өткелді мүлде алып тастадық,-дейді облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сергей Коваленко.


Тәртіп сақшылары сонымен бірге ол жермен жаяу өтуге тыйым салынатын жаңа белгі қойылатынын айтып, тұрғындарды жол бойында сақ болуға шақырды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив