KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Болат Аюхановтың балет театры Семейде «Мәңгүрт» туындысын сахналайды

14.11.2017, 08:47 103

Ертең қарашаның 15-і күні Абай атындағы театрда Өзбек композиторы Н. Зәкіровтың музыкасына жазылған «Мәңгүрт» атты бір актілі қойылымы Семей халқының назарына ұсынылмақ. Қоюшысы әрине, Болат Аюханов.


Балеттің қойылымына жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы әсер еткен. Балет ұжымы қазір дайындық үстінде. Билерін ерекше сомдап, қанаттарын саханада ұшуға ерекше қомдап жатқан жерінде жолықтық. Театр балетмейстері Гүлфида Ғафурқызының айтуынша, семейліктерге олар Радион Щедрин әзірлеген Жорж Бизенің музыкасына жазылған «Кармен сюитасын» да ұсынбақ.


-Біз Курчатов қаласына да барамыз, онда да концерт қоямыз,-деді Гүлфида Ғафурқызы,-сіздерде бір күн болатындықтан «Мәңгүрт» қойылымын да ұсынуды жөн көрдік. Курчатовта «Сақтар. Оңтүстік түні» бір актілі балетін көрсетеміз. Музыкасы Сергей Прокофьевтікі. Ұлттық «Ер Тұран» балетін де көпшілік назарына ұсынамыз. Болат Аюхановтың өзі келе алмады. Ол кісі қазір М. Бородиннің музыкасына жазылған «Княз Игорь» операсынан бір үзінді дайындап жатыр. Желтоқсан айында балетті халық назарына ұсынбақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив