KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Имамдарға кітаптарды тарту етті

13.10.2017, 05:45 196


Зайсан ауданында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» мен «Жұма уағызы-III» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.


Онда аудан тұрғындарын аталмыш оқулықтардың мазмұнымен таныстырған облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мәди Мұхтанов халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.


– «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы басты мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бірізділікке келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу, – дейді Мәди Мұхтанов.


Жаназа шығару мен жерлеу рәсімдері сынды басқа да өзекті мәселелер талқыланған бұл шараға қатысқан аудандағы барлық мешіттің имамдарына аталған оқулықтар тегін таратылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив