KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Ауылдардағы физика кабинеттерінің құрал-жабдықтары 1988 жылдан бері жаңартылмаған

6.10.2017, 03:00 170

Өңіріміздегі барлық мектептердің физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауаи құрал-жабдықтармен қамтылуы тиіс. Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарында осыны мәлім етті.


Сондай-ақ өңір басшысы облыстағы барлық оқу орындарын аралап, қанша мектеп жедел түрде жаңғыртуды қажет ететіндігін тексеріп білуді тапсырды.


Өңір басшысы бүгінде білім алып жүрген жас ұрпақ үшін нақты ғылымдарды, сонымен қатар робототехника мен мехатроника сияқты жаңа пәндерді игерудің маңыздылығын баса айтты. Бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында ерекше тоқталған болатын. Өйткені постиндустриалды кезеңде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары болатыны анық.


Әрине, ол үшін дайындықты мектеп қабырғасынан бастау қажет. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда өңіріміздегі көптеген мектептердің физика, химия, биология кабинеттеріндегі құрал-жабдықтардың әбден тозығы жеткен. Тарғын ауылындағы мектепке жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов осы жағдайдың куәсі болды. Нақтырақ айтатын болсақ, мұндағы физика кабинетінің құрал-жабдықтары 1988 жылдан бері жаңартылмаған. Демек, осы пәннен білім беру өткен ғасырдың деңгейінде жүргізіліп келгендей.


-Қазірден бастап өңіріміздің барлық мектептеріндегі аталған кабинеттерге қажетті құрал-жабдықтардың жай-күйі жайлы толық мәлімет жинау қажет,-деді Даниал Ахметов. – Көптеген оқу орындарында мәселен, тек жиһаздар жаңартылып жатыр. Ұстаздың сапалы білім беру үшін бұл жеткілікті емес.


Асубұлақ кентіндегі мектептің сыныптарына жаңа парталар мен интерактивті тақталар орнатылған. Алайда өскелең ұрпақтың зияткерлік бәсекеге қабілетті болып, сапалы білім алуына бұл жеткіліксіз әрине.


Ұстаздар күні мерекесінде өңірімізде «Туған мектеп» бірегей жобасының тұсауы кесілді. Жоба аясында облыстағы 277 оқу орнын Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарттарына сай толық жабдықтау жоспарланып отыр. Осыған орай химия, физика, биология сияқты жаратылыстану пәндері кабинеттері жаңа үлгіде жабдықталады. Сонымен қатар, осы оқу орындарында бүгінде әсіресе жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын арттырып жүрген робототехника кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Өңір басшысы қала, ауылдардағы қай мектепке қандай құрал-жабдық қажет екендігін анықтап, осы мәселе бірінші кезекте шешілуі тиіс екендігін баса айтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив