KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «Серпін» бағдарламасының студенттеріне арналған діни сауаттылық тақырыбында семинарлар өтуде

4.10.2017, 03:58 167

Өскемен қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп, «Серпін» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін діни сауаттылықты арттыру бағытында семинар ұйымдастырды.


Қатысушылар алдында Мысырдағы «Нұр-Мүбәрак» университетінің докторанты, дін мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Мұқан Исахан сөз сөйледі.


Өскеменде «Серпін» бағдарламасы бойынша 1509 студент оқиды. Аталмыш жоба оңтүстік жастарына солтүстіктегі жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, мамандық алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.


Мамандардың айтуынша, оңтүстіктен келген жастар бастапқыда жаңа жағдайға топ болады, осы кезде жат ағымдардың ықпалына түсу қаупі жоғары. Сондықтан «серпіндіктерде» діни-экстремистік ағымдардың насихатына қарсы иммунитет қалыптастыру керек. Осы мақсатта Өскемен прокуратурасы студенттердің діни сауаттылығын арттыруға бағытталған семинарлар өткізуді бастады.


Семинарда діннің ролі, діндар адам қандай қасиеттерге ие болуы керектігі талқыланып, діни қызметті реттейтін заңнама талаптары түсіндірілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив