KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

ШҚМУ студенттеріне жатақханадан орын жетпей жатыр

4.09.2017, 10:38 136

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жоғарғы курс студенттері жатақхана маңында ұзын-сонар кезекте тұр.


Бұған себеп еліміздің оңтүстік өңірлерінен «Серпін» бағдарламасымен келген жастардың көбейуі. Ал, ШҚМУ-дың тәрбие жөніндегі проректоры Ғафур Борамбаев мәселенің жуықта шешілетінін, баспанаға мұқтаж студенттердің орынсыз қалмайтынын айтады.


-Иә, дәл қазыр орын жетпей жатыр. 3-4-ші курс студенттеріне біз жатақханадан бөлме бере алмай жатырмыз. Биыл оқуға түскен студенттердің саны жоғары, сонымен бірге 281 адам «Серпін» бағдарламасымен келіп отыр, оның үстіне колледж студенттері бар. Жоғары курс студенттеріне біз Тәуелсіздік даңғылының бойындағы дәліз типтес жатахқанаға орналасуды ұсындық, оған көбі келіспей жатыр. Қазан айында Моңғолиядан білім алуға тағы 150 студент келеді оларды да орналастыруымыз керек,-дейді Ғафур Маратұлы


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив