KZ
Өскемен
+18°
пасмурно Штиль
481.63 534.46 5.28

Өскеменде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

14.08.2017, 03:45 157

Облыс орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда. Аталмыш орталықта олар мамандар кеңесін, кәсібін жүргізуге қажетті барлық ақпараттарды алмақ.


Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиын барысында айтылды. Облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, мұндай орталықтарды ашу қажеттігі баяғыда туындаған. Кәсіпкерлер тиісті құжаттарды келісу және туындаған мәселелерді шешу үшін әр жерде орналасқан түрлі мекемелер мен кабинеттердің табалдырығын тоздырып-ақ жүр. Ал бұған аз уақыт кетпейтіні белгілі.


Облыс әкімі Даниал Ахметов кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу бастамасын қолдай отырып, аталған қызметтің барлық ерекшеліктерін мұқият ойластыруды тапсырды.


– Онда міндетті түрде қолжетімді заңгерлік кеңес болуы тиіс. Несиелік бағдарламалар бойынша барша ақпараттар ұсынылуы керек, - деді аймақ басшысы. – Кәсіпкерлер жиі байланысатын ұйымдардың өкілдері бұл орталықта кәсіпкерлерді қабылдауы қажет.


Атап өтерлігі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының барлық функциялары пысықталып болған соң, оны орналастыру мәселесі шешілетін болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив