KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскемен әуежайы заманауи жүйеге ауысып жатыр

19.07.2017, 03:11 334

Қыркүйек айынан бастап облыс орталығындағы әуежайдың қолжүктерін беру желісі автоматты жүйеде жұмыс істейтін болады. Қазір мұнда қайта жаңғырту жүріп жатыр.


-Енді жолаушылар бирка көрсетіп, жүктерді қолмен алып, әуреленбейді,-деді облыс әкімі облыстық мәслихат сессиясында есеп беру кезінде.- Бір жарым айдан соң әуежайда бүкіл әлемде қолданылып жатқандай қол жүктерін беретін айналмалы автоматтандырылған жүйе іске қосылады.


Бүгінгі күні аймақта әуе көлігі инфрақұрылымы саласын дамыту бойынша үш жоба іске асырылып жатыр. Семей әуежайында ұшу-қону алаңы, басқару жолы мен аэровокзал қайта жаңғыртылуда. Облыс орталығында сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсететін терминал құрылысы мен халықаралық әуежайдың аэровокзал кешенін қайта жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Облыс орталығындағы нысандардың құрылыс жұмыстары жаздың соңына дейін бітеді.


- Семейде, Өскеменде жүргізіліп жатқан жұмыстар мені қанағаттандырады, -деді Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив