KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
449.88 486.64 4.83

«Көктем-Алтын күз 2017» мини футбол чемпионаты жалғасуда

12.07.2017, 03:31 113

Шығыс Қазақстанда «EXPO-2017» көрмесі аясында әуесқой командалар арасында «Көктем-Алтын күз 2017» шағын футбол ойындары өтуде.


16-шы сәуірде басталған жарыстың бірінші айналымының шешуші ойындары өтуде. Командалар жоғарғы және бірінші лига болып екі топқа бөлінген. Жоғарғы лигада 8 команда ойнаса, бірінші лига құрамында - 10 команда. Жарысқа қатысқан спортшылардың саны шашамен 450-ге жеткен.


Айта кету керек, жоғарғы лигада жақсы ойын көрсетіп, көзге түскен «СМУ-Алтай» және «Батыр» командалары алда келе жатыр. Бірінші лигадан «Қайрат» командасы алдыңғы қатардан көрінуде.

Бұған қоса, жуықта Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында футболдан Біріншілік болып өтті. Мұнда Семей қаласынан келген 2 команда мен қалалық 2 команда ойын көрсетті. Аталмыш жарыста жүлделі орын алған командалар қатары келесідей: Өскемен-1 командасы – І орын, «Семей» командасы - ІІ орын, Өскемен-2 командасы – ІІІ орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив