KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аягөзде тоқ үнемдейтін шамдар артып барады

4.07.2017, 10:40 184

Соңғы жылдары Аягөз ауданының елді мекендерінде жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткенді айтпағанда, биылдың өзінде Баршатас, Бидайық, Ескі Майлин, Нарын ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары қолға алынады деп жоспарлануда.


Сондай-ақ, Аягөз қаласының Қабанбай батыр, Шәкәрім, Ш.Уәлиханов, Б.Момышұлы, Х.Дүйсенов көшелеріне 268 дана жарық шамдарын орнату жұмыстары басталып кетті. Айта кетерлігі, бұлардың барлығы электр энергиясын үнемдейтін шамдар. Бүгінгі күні қаладағы мұндай шамдардың үлесі 60 пайызды құрап отыр.


Бұдан бөлек, шаһарда жыл сайын ағаш көшеттерін егу, гүл отырғызу, газон баптау секілді кезек күттірмес шаруалар қоса атқарылып келеді. Мәселен, қала бойынша қазір 77 410 шаршы метр газон өсіріліп бапталады. Биыл Ардагер, Алтын адам, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу саябақтары мен көшелерге 80 мың түп гүл отырғызылғанын айта кеткен ләзім. Сол сияқты, 396 түп шырша, 2 472 түп шынар көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта қалада тағы 413 түп шырша отырғызылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив