KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Балабақшадан орын алу кезінде жеңілдіктер қарастырылған ба?

4.07.2017, 04:00 120

– Баламды балабақша кезегіне қойдым, бірақ әлі жастан асқан жоқ. Естуімше, кезекті орынды бөлуде заң бойынша кейбір азаматтарға жеңілдіктер қарасытырылған екен. Білейін дегенім, ол қандай топтағы азаматтар?


Риза Аманбаева,

Семей


Бұл сұраққа жекеменшік адвокаттық кеңсенің заңгері Светлана Артамонова жауап береді:


– Бүгінгі күні балабақшалардағы орын тапшылығы бұрынғыдай өткір мәселе емес. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін мемлекет тарапынан әр түрлі шаралар қабылдануда. Сіз шағын орталықтардың қызметтеріне жүгіне аласыз немесе балаңызды жеке меншік бақшаға бере аласыз.

Ал, сауалыңызға келер болсақ, заң аясында бірінші кезекті орынды алу құқығына мына азаматтар ие бола алады:

1. I әрі II топтағы мүгедектердің балалары;

2. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3. жетім балалар;

4. көпбалалы отбасының балалары;

5. жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив