KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде Ер Жәнібек атындағы семсерлесуден XIII халықаралық турнир өтіп жатыр

26.06.2017, 10:26 149

Өскеменде семсерлесуден Қазақстан Республикасының IV спорттық жастар ойындары басталды. Жарысқа Астана, Алматы қалаларының және ОҚО, СҚО сынды бірқатар аймақтардың спортшылары қатысуда.


         Шараның ашылу салтанатында қатысушыларды ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов құттықтады.


– Сіздерді шын жүректен аймақ басшылығы және Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан IV спорттық жастар ойындарының басталуымен құттықтаймын. Аймағымызда семсерлесу спортының даму қарқыны жаман емес. Жуықта ғана жерлесіміз Руслан Курбанов Азия Чемпионатын жеңіп алды, – деді Асқар Можанов.


Әзірге сайыста алматылық спортшылар жоғары көрсеткішпен алдыңғы орында тұр. Айта кетсек, дәл қазір Өскеменде Ер Жәнібек атындағы семсерлесуден XIII халықаралық турнир өтуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив