KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

29-30 маусым күндері Ақан Сатаев Өскеменде кастинг өткізеді

7.06.2017, 18:00 150


«Қазақфильм» және «Sataifilm» киностудиялары осы жылдың ең ірі жобаларының бірі – сақ патшайымы «Томирис» және «Көшбасшы жолы. Астана» жобаларына актерлар іздеп жатыр.

Екі фильмді де Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Sataifilm» кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр. Режиссері – Ақан Сатаев. Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандықтар қатыса алады.

- Кастинг Өскемен қаласындағы жаңа театрда 29-30 маусым күндері 9-00 мен 18-00 аралығында өтеді. Кастингке келетін бойжеткендер бет бояусыз және жасанды кірпіктерін алып тастап келгендері абзал, - дейді жобаның кастинг-директоры Жайна Әбдиева.

Кастингке қатысам деушілер casting_satai@mail.ru электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдай алады: 1. Жақыннан (анфас және профиль), белге дейін және басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, көзілдіріксіз және өзгертілмеген фотосуреттерді; 2. Туған жылыңыз бен тұратын қалаңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, ұлтыңыз бен біліміңіз, жұмыс орны мен мамандығыңыз туралы, сонымен қатар, қандай спорт түрімен айналысатыныңыз, кинодағы тәжірибеңіз (егер бар болса), музыкалық немесе би өнеріңіз туралы ақпараты бар анкета жолдау керек.

Дарын Нұрсапар




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив