Биыл Новохайрузов ауылындағы ауызсу мәселесі оң шешімін табатын болады.
Ауылдағы ауызсу құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 577 миллион теңге бөлінген. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның айтуынша, жуықта Аққайнар ауылына да ауызсу құбыры желілері тартылады.
– Жөндеу жұмыстарын «ЖармаҚұрылысГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Келесі жылы Новохайрузов ауылындағы әрбір үйде су құбыры желілері тартылатын болады. Алдағы уақытта аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар көп, - дейді Ахметқали Нұрғожин.
Ажар Сағатбекова