KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

14-16 жастағы жасөспірімдердің жұмыс уақыты аптасына 24 сағаттан аспауы керек

1.06.2017, 18:00 954



Маусымның 1-нен бастап өңірімізде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқаны басталды.

Биылғы жылы «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» атты ұранмен өтетін науқанның негізгі мақсаты – бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару.

Ұлттық ақпараттық науқанның басталуына орай облыстық аймақтық коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте Отбасын және балаларды қорғау орталығының директоры Лилия Куземко бүгінгі күні жұмыс берушілермен 7 меморандумға қол қойылғанын, балаларға арналған барлығы 330 жұмыс орны бар екенін айтты. Оның 300-і «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар болса, 30-ы SIM-карта сату, ақпараттық парақтарды тарату секілді жеңіл-желпі жұмыстар көрінеді.

Ал брифингте сөз алған облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің аға лейтенанты Әйгерім Бейсембаева заң бойынша 14-16 жастағы балалардың жұмыс уақыты аптасына 24, ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің жұмыс уақыты 36 сағаттан аспауы қажет екенін жеткізді.

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив