KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Стамбулдан келген қари Күшік Балташоғлы Өскеменде бір ай бойы Құран қатым оқиды

31.05.2017, 18:00 116


Облыстық Халифа Алтай мешітінде Стамбулдан арнайы келген қари Өмер Күшік Балташоғлы бір ай бойы Құран қатым оқитын болады.

ҚМДБ мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында жасалған келісімшарт негізінде елімізге қасиетті Рамазан айында Құран қатым оқуға қарилар тобы келді. Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабимолдинның айтуынша, түркиялық қариды өскемендік жамағат ерекше ықыласпен қарсы алған.

– Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Өмер Күшік Балташоғлы өскемендіктермен тарауих намазына қатысып, көпшілікті құран нәрімен сусындатып жүр. Жалпы, Рамазан айында құран қатымды қариларға оқытқан дұрыс, - дейді Дәулет Қабимолдин.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив