KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Майқапшағайда құны тоғыз миллиард 800 мың теңгені құрайтын логистикалық орталық ашылады

23.05.2017, 18:00 120



Майқапшағай кеден бекетінде құны тоғыз миллиард 800 мың теңгені құрайтын логистикалық орталық ашылады.

Ауданы әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, құрылысы үш жылға созылатын аталмыш нысанды салу үшін 20 гектар жер бөлінген.

– Қытайдан келген тауарлар Майқапшағай логистикалық орталығына түсіріліп, кейін оны Қазақстан арқылы Еуропаға экспорттайтын боламыз. Бұл орталыққа газ тартылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. Логистикалық орталықты іске қосу арқылы 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтимыз, - дейді Темірбек Қасымжанов.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив