KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Биыл Өскеменде барлығы 1394 түлек мектеп бітіреді

15.05.2017, 18:00 158



Биыл Өскеменде барлығы 1394 түлек мектеп бітірмек. Олардың ішінде 85 түлек «Алтын белгіден» үміткер болса, «Үздік» аттестаттан үміткерлердің саны – 61.

Қаладағы 44 мектептің 1152 түлегі 29 мамыр мен 9 маусым аралығында қорытынды аттестациялаудан өтеді. Ал 242 мектеп бітіруші денсаулығына байланысты қорытынды аттестациялаудан босатылған.

Сөйтіп, мамырдың 29-ы күні мектеп бітірушілер ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (эссе) тапсырады. Оларға 250-300 cөзден тұратын эссені жазуға 3 сағат уақыт беріледі. Ал маусымның 2-сінде таңдау пәні бойынша тестілеу болса, 6-шы маусымда алгебра мен анализ негіздерінен жазбаша, 9-шы маусымда Қазақстан тарихынан ауызша емтихан болмақ.

Жалпы, қала бойынша халықаралық олимпиадалар мен жобалардың 4 бірдей жеңімпазы ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылыпты. Мәдениет Медеуханқызының айтуынша, олардың барлығы да 2017 жылға дейін сертификатқа ие болғандар.

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив