KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями Штиль
479.23 534.96 5.16

Шығысқазақстандық геологтар кен барлау ісіне жаңа ерекше әдісті қолдана бастады

14.05.2017, 18:00 192



Шығысқазақстандық геологтар елімізде бірінші болып кен барлау ісіне дрондарды пайдалана бастады. «Топаз» геологиялық компаниясы «қанатты камераны» арнайы бағдарламмен жабдықтау арқылы бірнеше геологиялық түсірілімді бір жолда жасауға мүмкіндік алып отыр.

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған ғылымды өндіріске жегу жөніндегі тапсырма аясында іске асып жатқан бұл жоба саладағы соңғы жаңалық саналады. Геологиялық зерттеулер жер бедерін таңдамайтындықтан, көлік түгіл жаяу адамның аяғы жетпейтін орындар көп кездеседі. Ондай жерлерге тікұшақ немесе ұшақ жіберу геологтар үшін қымбат шығын саналатын. Осы мәселені «Топаз» компаниясы квадракоптердің көмегімен шешпекші. Геологиялық түсірілімдерді өңдеуге негізделген арнайы бағдарлама арқасында дрондар айналасы 12 шақырым аумақтың бедерін бір жолда бірнеше параметр бойынша кескіндеп келуге қауқарлы. Жер қыртысын сканерлеп, аумақтың ладшафтын барлау үшін де бұл дрондар таптырмас құрал болып тұр.

Компанияның гидерогеологиялық партия басшысы Айсұлу Құтыбаева аталмыш инновациялық жоба Ресей ғылым академиясына қарасты Сібір бөлімшесі мамандарының көмегімен іске асқанын айтады. Қазірдің өзінде өңірдің геологтары фото және видео түріндегі түсірілімдер негізінде зерттеліп жатқан жердің 3D-моделін жасауға көшіпті.
-Біздің гидрогеологиялық партияның жұмыс шеңберіне жерасты суларымен қатысты құбылыстарды зерттеу кіреді. Квадракоптерді соның барлығына қолдануға болады. Кейбіреулер дронды сатып алып, видео мен фотоға түсірудің несі инновация деп ойлауы мүмкін. Мұндағы басты мәселе дрондарды арнайы бағдарламалармен жабдықтауда. Жер қыртысын зерттеу бойынша үздік тәсілдер әлі де болса ресейліктердің қолында. Сондықтан, сібірлік әріптестерімізбен бұл бағытта тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз, - дейді А.Құтыбаева.

Бұл жоба геологтардың уақытымен қоса қаржысын да үнемдейтіні сөзсіз.

Есжан Ботақара




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив