KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде ғұлама ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

9.05.2017, 18:00 187



Өскеменде ғұлама ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Осы шараға байланысты өңірімізге келген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретті облыс әкімі Даниал Ахметов қабылдады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бас мүфти өзге өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында діни жағдайдың тұрақты екенін айта келіп, жергілікті мешіттермен дін өкілдеріне қолдау жасап отырғаны үшін облыс басшысына алғысын білдірді.
Облыстық дырама театрда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Өр Алтайдан басталып, Анадолыға жеткен қазақтың қаралы көшінің қанды ізін қаламмен өрнектеген, қилы тағды иесі Халифа Алтай жайлы тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара, халықаралық түркі дүниесін зерттеу орталығының комитет төрағасы Ислам Жеменей бастаған конференция қатысушылары кеңнен баяндады. Халифа Алтайдың қазаққа сіңірген еңбегі жайында Ержан қажы Малғажыұлы тоқталды.

– Халифа Алтай Қазақ елі Тәуелсіздігін ала салып, ата жұртқа келіп көптеген жұмыстар атқарды. Ол тұста кеңес үкіметінің қыспағынан енді құтылған мұндағы елдің дін жайлы білері шамалы еді. Осындай қиын кезеңде алғашқы болып «Құран кәрімді» аударып, мллион тиражбен таратты. Елдің рухани санасын жаңғыртты. Сондықтан Елбасы айтқан 100 жаңа есімнің бірі болып алтын қорымызда сақталады деп ойлаймын, – деді бас мүмфти.
Аталмыш конференцияда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Шара соңында өткен жылы Халифа Алтайдың есімін иеленген облыстық орталық мешітте ғаұламаға арналған ескерткіш тақтаның ашылуы болып, құран-хатым оқылды.

Алтайда туылып, алты алашқа машқұр болған аяулы перезентінің ғасырлық тойын туған топырағындағы халық тағы да тойлай бермек. Бұл тек басы ғана.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив