KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аягөз ауданы осымен екінші жыл қатарынан сапасыз тұқым сепкелі отыр

24.04.2017, 18:00 145



ШҚО-ның кейбір аудандар көктемгі егісті сапасыз тұқыммен өткергелі отыр. Облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте осы мәселеге қатысты бірталай ескертпелер айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биыл облыс аумағында күздік дақылмен қосқанда 1,3 млн. гектар алқапқа дән себілмек. Соңғы әрі нақты дерек бұл. Оның 45 пайызына дәнді, 29 пайызына майлы дақылдар егу жоспарланған. Күнбағыстың үлесі барлық алқаптың 28 пайызына тең. Бірақ аудандар егіс науқанына сақадай сай екендерін жарыса мәлімдегенімен, тұқым сапасына келгенде кібіртіктеп қалып отыр. Облытық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков осылай деді.

Мысалы, Күршім ауданы себуге деп сақталған тұқымның тек 48 пайызын ғана тексеруге өткізген. Ал Аягөз ауданы осымен екінші жыл қатарынан сапасыз тұқым сепкелі отыр. Тексерілген тұқымның сегіз пайызы жарамсыз деп танылған. Жарма мен Өскеменде де осыған ұқсас жағдай байқалған. Облыс бойынша І және ІІ кластағы тұқымның үлесі 85 пайызды құрағанымен, Көкпекті Зайсан аудандарында бұл көрсеткіш 76 пайызға жетіп жығылыпты.

Дүйсенғазы Мусин аталмыш аудандарға сапалы тұқымды алыстан іздемей-ақ, Глубокое, Зырян, Шемонайха сияқты аудандардан да табуға болатынын айтты. Глубокоелық «ОХМК» ЖШС-нің тұқымы бүгінде облысты қойып, республика көлемінде элиталы саналатыны министрлік жиындардында да айтылса керек.

Өз ішімізде осындай әлеуетті тұқым өндірушілер бола тұра, Жарма ауданы көктемгі егісті І класты тұқымсыз өткергелі отыр. Ал Үржар ауданы тек ІІ класты тұқымға басымдық берген. Дүйсенғазы Мусин мұндай қадамның өзін ақтамайтынын ескертті. Өйткені, екі кластың арасы жер мен көктей екенін күзгі орақ талай көрсеткен. Тұқым сапасын жыл сайын жырға айналдырып келе жатқан аягөздіктердің мәселесін арнайы топ барып, қарайтын болады.

Есесіне диқандар техникалық жағынан маусымға түгел дерлік дайын. Тек Көкпекті, Жарма аудандарында трактор мен тұқым себу кешендерінің дайындығы 83 пайыздан аса алмай тұр. Бұл техникаларды жанармаймен қамтуға жауапты операторлар маусымға қажет дизельді отынның 62 пайызын бөлген. Бірақ диқандар бөлінген жанармайдың ақысын төлеуге асығар емес. Көкпекті, Күршім, Жарма аудандарының шаруалары әлі күнге дейін жанармай үшін бір теңге де аудармаған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив