KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Байыту кешенінің қалдық сулары өзенге құйылып кетті

23.05.2016, 18:00 187



Үстіміздегі жылдың 22 мамырында «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің байыту фабрикасында (Риддер қаласы) Талов қалдық қоймасы су сорғы стансасының қабылдау арнасына судың арттырылған көлемі түсіп жатқаны анықталды, салдарынан ол судың жартысы Филипповка өзеніне құйылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дереу орын алған жағдайдың себебін анықтау басталды. Қолданыстағы су қабылдау коллекторының және су қабылдау құдығының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Судың көзін сол сәтте анықтау мүмкін болмады, себебі Талов қалдық қоймасының тоғанында су деңгейі тым жоғары болды. Мамандар жедел тоған суы деңгейін төмендетуді бастап кетті.

Оқиғаны жою бойынша штаб құрылды. Ластанған судың орнын және көзін іздестіру ұйымдастырылды. Оқиғаны жою бойынша іс-шаралар әзірленді. Риддер тау-кен байыту кешені байыту фабрикасының құрылғылары тоқтатылды. Талов қалдық қоймасына судың барлық түсу көздері анықталып, бөгелді. Қолға алынған іс-әрекеттер нәтижесінде мамандарға негізгі себеп - қолданыста болған, 1980-1990 жылдары тығындалған ескі су жинау құдықтарының бірінде және коллекторда екенін анықтау мүмкін болды. Су құдықтардың бірінен қолданылмай тұрған коллектордың ішіне құйылып, содан аққан.

Компания мамандары қолдан келгеннің және қажеттінің бәрін жасауда. Ескі коллектордың шығу бөлігі тасты материалмен бөгеледі. Қазіргі уақытта су ағуы толық дерлік жойылған. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде және оқиғаның толық жойылуына дейін жалғасатын болады.

Байыту фабрикасының жұмысы тек оқиғаны жою аяқталған соң жанданады. Риддер тау-кен байыту кешенінің барлық басқа құрылымдары, оның ішінде кеніштер штаттық режимде жұмыс істейді және оқиғаға әсер етпейді.

Қалдық қоймасында құрамында түсті металдар аз байыту үрдісінің қалдықтары жиналған. Қалдықтар құрамының негізгі үлесі - байыту үрдісінде үгітілген тасты топырақ. Сондықтан тұрғындар өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

«Қазцинк» компаниясы нормадан артық су төгілгені үшін шығындарды бекітілген заңнамалық сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен анықталған тәртіпте және көлемде толық өтеуге әзір.

«Қазцинк» ЖШС-де оқиға себептерін анықтау жүргізілуде. Мемлекеттік органдармен, Риддер және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерімен толық өзара әрекеттістік қамтамасыз етілген.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив