KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Семейде жаңа шағын аудан салынады

22.12.2015, 18:00 119


Семей қаласының солтүстік бөлігінде аумағы 147 га құрайтын жаңа «Қарағайлы» тұрғын шағын аудан салынады. Жаңа аудан жалпы 541,7 мың ш.м. құраған 10 көпқабатты үйден тұрады. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылы ауданды жарық, жылу, су жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.
– «Қарағайлы» ықшам ауданының аумағында мектеп, жатақхана, балабақша салынып, барлық жағдай жасалады. Қазіргі уақытта, қосымша қаражат көздерін іздестіре отырып, жоспарды аяғына дейін жеткізуді көздейміз, – деді Ермак Салимов.
Сондай-ақ, инженерлік коммуникациялармен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттар да әзірленуде. Аталған жоба бойынша, 10 үй құрылысына 4,3 га жер телімі бөлінген.

Ықшам ауданда 720 орындық «Физика-математикалық бағыттар бойынша оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебімен» қатар Семей медициналық университетіне қарасты 7 жатақхана құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша тағы 240 орындық балабақша, қазақ-түрік лицейі мен әлеуметтік қажетті нысандар салынады.

Айта кетсек, ағымдағы жылы Семейде аумағы 80 394 ш.м. құрайтын 11 көпқабатты үй қолданысқа берілген.
Сөз соңында Семейде ағымдағы жылы жалпы 80 394 ш.м. құрайтын 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив