KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қасиетті Рамазан айында «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

28.06.2015, 18:00 155



Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының жастары таңсәріден мешітке қарай ағылды. Өйткені, Аягөз қалалық мешіті мен аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі және Жастар орталығы бірлесе отырып, Рамазан айы құрметіне ізгі бір істі бастаған еді.

Мешіт имамы Думан Нәдірұлы жиылғандарға істеріне сәттілік тілеп, ақ батасын беріп, Жаратқаннан қолға алған істің берекелі болуын тіледі.

Қасиетті Рамазан айында «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

Жексенбі күні, ел бір күнгі демалысында «Жақсылық» базарына барып, азық - түліктерін, керек - жарақтарын қамтамасыз етіп қалатын кез. Келушілер базардың кіре берісінде «Рамазан айы құрметіне, тегін такси» - деген жазуы бар, сап түзеген он үш жеңіл автокөліктерге таңдана да, таңырқай қарады. «Мешіт» - деген жазуы бар жасыл жекет киген жігіттер ел қолындағы жүктерін көтерісіп, көліктерге отырғызып жатты.

Мешіт имамы Думан Нәдірұлы: «Бұндай ізгі шаралар алдағы діни мерекелерде жалғасын таппақ» - деп өз тілегін білдірді. Осындай жақсы іске куә болған ел арасында «такси апа» аталып кеткен, ақсамайлы Оразхан Есбайқызыда жастар ісіне разы болып, «тегін такси» ісіне бел шеше кірісіп кетті.

Роза Каирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив