KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Берелдегі соңғы қорымды зерттеу басталады

31.05.2015, 18:00 196



Өскемен қаласындағы C.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де университеттің «Жас ғалымдар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту» орталығының қолдауы, «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Оқу (археологиялық) іс-тәжірибе бойынша нұсқау» конференциясы өтті.

Тарих мамандығының 1-курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 1-14 маусым аралығында өтетін іс-тәжірибе туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Астана қалалық филиалынан ғылыми қызметкерлер қатысып, студенттермен жүздесті.

Тарих ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы археология институтының ғана емес, «Алтайтану» орталығының да бас ғылыми қызметкері - Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен 2012 жылдан бері студенттеріміз аталмыш институттың археологиялық экспедициясы құрамында іс-тәжірибеден өтуде. «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультеті деканының орынбасары Құралай Жирендинова Берел қорғаны, Желдіөзек, Қарақаба қорымдарына барған кездердегі көрсетілдімдерді таныстырып, биыл әлі ашылмаған Берел қорғанындағы жазықтағы соңғы қорымға баратындықтарын айтты.

Бұл пікірді ары қарай жалғаған Астанадан келген мейманымыз Досан Нұрхатұлы:

- Берел қорғанындағы соңғы қорым - Зейнолла Самашұлының талайдан бергі қызығып жүрген үлкен қорымдардың бірі. Ол жерден әлем сөз қылатындай теңдесіз жәдігерлер табылады деген үмітіміз зор. Табылатын жәдігерлерді сіздер өз көздеріңізбен алғашқылардың бірі болып көріп қана қоймай, табылуында өз үлестеріңізді қосқандықтарыңызды мақтан тұтатын боласыздар, - деді.

Сонымен қатар, іс-тәжірибе барысында қазба-сызба жұмыстарымен айналысудан басқа кешкі уақыттарда студенттер үшін түрлі қызықты іс-шаралар, көңіл көтеру жиындары, басқосулар, ойындар ұйымдастырылатыныдығын да айта өтті.

Археологиялық іс-тәжірибе жұмыстарынан өткен соң, оның бәрін қағаз бетіне түсіру арқылы ғылыми мақалаға айналдыруға болатынын айтқан «Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің» төрағасы Берік Кәдіров:

- Сіздерден ғылыми зерттеу-жұмыстарының қортындылары негізінде нәтижелер күтеміз. Экспедициядан алғандарыңызды қағазға түсіру үлкен ғылымға жол ашудағы алғашқы қадамдарыңыз болмақ, - деп нақтылады.

Әсел Асқарқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив