KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
478.54 533.76 5.17

Жарма кентіндегі КВН байқауы

6.04.2015, 18:00 176


Қалың қазақ ошарыла қоныстанған Жарма жерінен КВН командаларының ел көлеміне атойлай шығуы жергілікті басшылықтың жастар саясатына кәміл ден қоюынан деп білгеніміз жөн. Қазақ рухы мен мәдениеті десе жанын беретін ауыл әкімдерінің бірі - кент басшысы Аңсабаев Айдын Тыныштыбекұлы тап сондай жан.

Осы жолы Жарма кенті клубында КВН сайысына сақадай сай әзірленіп келген екі команда сайсқа түсті. «60-70-100» атты қыздар командасы командасы жігіттердің «Жалын» командасын қатты састырды. Ұлттық әзіл-күлкіге толы КВН сайысы өте қызықты және әсерлі өтіп, көрермендерінің езуін жидырмады.

Сайысы аяқталғанда Жарма кентінің әкімі А. Аңсабаев КВН-шыларды құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Енді кент жастары аудандық маусымашарда өз өнерлерін өңір жұртына паш ететін болады.

КВН деген кезде есімізге Жарманың ел көлемінде аты мәшһүр болған үш командасы оралады. Осы үш команда 2013 жылы талай табысқа жетіп, көрермендерді қазақы күлкіге қарық қылғанын бәріміз білеміз. Солардың арасында Данияр Кенжебекұлы Шаймарданов жетекшісі болып табылатын 2012 жылы құрылған «Көңілді жастар» жайдарман тобының құрамы ауылдың қара домалақ балаларынан тұрады. Қол жеткізген жетістіктеріне тоқталар болсақ, осы команда Жарма ауданының екі дүркiн чемпионы, 2012 жылы ШҚО Парасатты жастар лигасынын жартылай финалисi. 2013 Астана каласы Маусымашар-2013 фестивалiнiн катысушысы және сол жылы Республикалық Шығыс мектеп лигасының чемпионы және 2014 жылы Семей калалык лигасынын финалистерi деп күлкі көшіндегі жеңісті жолдар жалғасып кете береді.

Осылардың қатарында Жарма кентінің қос командасы да бар. Оған кент әкімі барша жағдай жасап отыр.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив