KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Тұңғыш Президент күнінде ШҚО-да 3 жаңа мектеп ашылды

30.11.2014, 18:00 169



Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, ШҚО Ұлан ауданында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектептердің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Ұлан ауданында 80 орындық Қанай орта мектебі, Алғабас ауылындағы «Кәкен Ахметов атындағы орта мектебі» және Тарғын ауылдық округіндегі Қасым Қайсенов атындағы жаңа мектептің ашылу салтанаты болып өтті.

- Бүгінгі күні Ұлан ауданындағы 34 мектепте 4228 бала білім алуда. Қалаға жақын аудандағы халық санының көбеюіне орай, аудан мектептеріне 3 жаңа мектеп қосылды. Барлық ілкімді істер Елбасының тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Жаңа мектептердің ашылуы аудандағы оқушылардың ҰБТ-і көрсеткіш деңгейін көтеруге серпін береді деп сенеміз. Өз кезегінде ескі ғимараттар да халық игілігіне қызмет ететін болады. Мәселен, Қанай ауылындағы ескі мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 50 орындық балабақша ретінде пайдалануға беріледі, - деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Қанай орта мектебіне облыс басшылығының атынан жаңа теледидар сыйға тартты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив