KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

19.11.2014, 18:00 138



Өскеменде білім беру және денсаулық сақтау саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті.

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің отырысында денсаулық сақтау және білім беру басқармасы басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді.

Отырысты «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі О.В.Чернышов жүргізді. Мәжілісте өңірдің денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Бұл маңызды басқосуға денсаулық сақтау және білім беру басқармалары мен облыстық прокуратура өкілдері қатысып, аталмыш кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Басқарма басшысы В.А.Овсянников денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың алдын алу мақсатында тындырылған шаруалар жөнінде есеп берді. С.К. Искакованың білім беру саласында ел дамуының басты тежеуішімен күрес аясында жасалған жұмыстар туралы ақпараты да кеңес мүшелерін бейжай қалдырмады. Облыс прокурорының көмекшісі М.М. Бектуров қос басқарма тарапынан жасалған шараларға қарамастан орын алған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бұзылу фактілерін кеңес мүшелерінің алдына тартты.

Шығыс Қазақстанның білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жеткілікті деңгейде жүргізілмей отыр. Ал емханалардағы салалық мамандарға талон алу барысында жемқорлыққа жол бермеудің тектіктерін жетілдіру қажет.

«Ол үшін алдағы уақытта өңір аумағындағы мемлекеттік және жеке меншік емдеу орталықтарында талонмен қабылдау терминал арқылы жүргзілуі қажет», - деген ұсыныс «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.Т. Түсіпбековтен түсті.

Мәжіліс нәтижесінде кеңес мүшелері орын алған келеңсіздіктерді түзетіп, жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру шараларын қамтыған ұсынымдар әзірлеп, соның негізінде қаулы қабылдады.

Назерке Копенова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив