KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Риддерлік жеңіл атлет Ирина Смольникова халықаралық марафонда топ жарды

23.09.2014, 18:00 79



Риддерлік жеңіл атлет Ирина Смольникова екінші жыл қатарынан Мәскеу халықаралық марафонында топ жарды. Желаяқ жерлесіміз 42 шақырым 195 метрлік қашықтықты 2 сағат 40 минут 22 секундта жүгіріп өтіп, өзінің былтырғы рекордын жаңартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы марафонда ол дәл осы қашықтықты 2 сағат 44 минут 54 секундта бағындырған болатын. Биыл спортшы былтырғы жетістігін 4 минут 32 секундқа жақсартты.

Халықаралық марафонның екі дүркін жеңімпазы Ирина Смольникова - ұзақ қашықтыққа жүгірудің шебері. Бұл спорт түрін жерлесіміз жастайынан жақсы меңгерген. Жасөспірімдер арасында жүгіруден Азия чемпионы атаныпты. Одан басқа да ірілі-ұсақты жарыстарда жүлдегерлер тізімінен көрініп жүрген спортшы кейіннен мамандар назарынан тыс қалып қойғанды. Алайда, 2013 жылдан ұйымдастырыла бастаған Мәскеу марафонында оның жұлдызы қайта жарқырады.

Жалпы, бұл қатардағы «қара жарыс» емес, үлкен әлеуметтік жоба. Марафонға қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Мәселен, былтыр мәре сызығын кесіп өткендердің саны 4778 адамды құрапты. Олардың қатарында өнер, спорт салаларының жұлдыздары да бар.

Биылғы марафонда ерлер мен әйелдер арасында бірінші орын алған кениялық Соломон Кибет Барнгетуни мен қазақстандық Ирина Смольникова әрқайсысы 300 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив