KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Өнер мектебінде өнерлі балалар бас қосты

31.07.2014, 18:00 192



Өскемендегі «Асыл мұра» балалар өнер мектебі жыл сайын оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдаланып, олардың бойында шығармашылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік беретін іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Жақында «Асыл мұра» өнер мектебінің ұйымдастыруымен №33 мектепте «Көңілді жаз» концерттік ойын бағдарламасы, «Биле, биле» сайысы, «Кәнеки, ән шырқайық» атты тәлім-тәрбиелік мәні бар шаралар өткізілді.

- Сайысқа 7-11 жас аралығындағы 32 оқушы қатысқан болатын, - дейді ұйымдастырушылардың бірі, ұстаз Төлеген Ожаев. - Балалардың алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық қасиеттерін дамытып, оларды өнерге баулуды көздеген сайыс нәтижесінде Алпамыс Әйгерім бірінші орынды жеңіп алса, Мұрат Ұлжан мен Ділнар Бердібекқызы екінші орынды иеленді. Ал Нағашыбай Еркебек үшінші орынды місе тұтты. Осындай игі шараның барысында әр оқушының өнерге деген құлшынысы шығармашылықпен даралана түсетінін байқай алдық. Әр сайыстың жеңімпаз-дары марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалануларын, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға мүмкіндік беретін осындай іс-шараларды ұйымдастырушы ұстаздардың қатарында Мұқан Съез бен Әлия Ақылбаеваны ерекше атауға болады.

Тілеукен Тілеубердіұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив