KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1,7 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қауіпті ойыншықтар қайдан жүр?

29.07.2014, 18:00 282



Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының мамандары Өскемендегі ойыншық сататын бірнеше дүкеннің ойыншықтарын тексерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ойыншықтарды тексеру мақсатында дүкендерден сегіз ойыншық түрі сатылып алынып, зертханаға жіберілген. Тексеру нәтижесінде алты ойыншықтың балалар ойнауға жарамайтындығы, токсикологиялық жағынан аса қауіпті екені анықталған.

Қонжық, арыстан, тұлпар, мысық, күшік, автомат сияқты ойыншықтардың құрамындағы фенол мен формальдегидтің мөлшері санитарлық нормадан 6 есе көп болып шыққан.

- Зерттелген ойыншықтардың сараптамалық қорытындысы тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігіне жіберілді. Еліміздегі ойыншықтар нарығында қалыптасып отырған жағдайға орай бас мемлекеттік санитарлық дәрігер республика көлемінде (соның ішінде біздің де облыста) 10-шілдеден бастап Қазақстанға ойыншықтарды әкелу мен сатуға уақытша санитарлық шектеу қою туралы қаулы шығарды, – дейді ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Раушан Сатекова.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив